Орал қаласында орман ішінде өлі табылған әйелдің туыстары үш айға жуық уақыттан кейін анықталды.
Әйелдің мүрдесі 31 шілде күні табылып, оның жақын-жуықтарын еріктілер іздестірген.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, әйелдің жасы шамамен 30-40-та, денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
«29 қазан күні әйелдің туыстары белгілі болды. Олар марқұмды таныды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.