Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Талғар изоляторынан қашқан күдіктіге қатысты тың дерек айтылды

Талғардағы уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдікті Бекарыс Қалмырзаев қосымша үш жылға дейін сотталуы мүмкін. КТК ақпаратынша, қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Талғар изоляторынан қашқан күдіктіге қатысты тың дерек айтылды
фото: видеодан скриншот

Айта кетейік, қашқын араға төрт күн салып, бейсенбіден жұмаға қараған түні ұсталған болатын. Ол өзі тұратын Тереңқара ауылының маңынан табылды.

Бекарыс Қалмырзаев бұның алдында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.

Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.

Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдіреді.