«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіліп отыр.
«Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтіліп отыр. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды», - делінген синоптиктер болжамында.