Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел өлімнен аман қалды

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте жүрегі тоқтап қалған жүкті әйел өлімнен аман қалды
Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас шұғыл түрде қаладағы №2 аурухананың перзентханасына жеткізілді.

«Ол көп қан жоғалтып, 3-дәрежелі геморрагиялық шок алған. Операциялық үстелде жүкті әйелдің жүрегі тоқтап қалды. Алайда анестезиологтар, акушер-гинекологтар, мейіргерлер, трансфузиологтар жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Науқастың жағдай бір қалыпқа түскен соң қан кетуді тоқтату үшін ота жасалды. Дәрігерлердің үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде науқас өлімнен аман қалды», - деп жазылған хабарламада. 

Бүгінде әйел босанды. Ана мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Олар үйге баруға дайындалып жатыр.