Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Түркиядағы теракт: 30-дан астам адамды қамауға алу туралы шешім қабылданды

Түркияда болған терактіден кейін тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясының (РПК) 30-дан астам жақтасын қамауға алу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Paryz.kz TRT Haber-ге сілтеме жасап.

Түркиядағы теракт: 30-дан астам адамды қамауға алу туралы шешім қабылданды
Фото: depositphotos.com

Анкараның бас прокуратурасы Анкарада ұйымдастырушылық іс-шараларға қатысып, сепаратистік террористік ұйымның зорлық-зомбылық әдістерін насихаттаған және осы әдістерді заңдастыруға тырысқан 33 күдіктіні қамауға алу ордерін шығарды.

 Аймақтық полицияның антитеррорлық басқармасы күдіктілерді қамауға алу және оларды бас прокуратураға жеткізу бойынша операциясын бастады.

Еске сала кетсек, 23 қазанда Түркияда TUSAS компаниясының аумағында, Анкараның маңындағы Кахраманказан ауданында қарулы екі адам шабуыл жасап, бес адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды. Осы оқиғадан кейін Түркия қарулы күштері Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі Күрд жұмысшы партиясының позицияларына әуе соққыларын жасады.