Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Оралда дәрігер соттың көмегімен баспанаға қол жеткізді

Қала тұрғыны әкімшілік сотқа Орал қаласы әкімі аппаратының тұрғын үйді ұсынбауын заңсыз деп танып, жауапкерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруді міндеттеу туралы талап арызбен жүгінді.

Оралда дәрігер соттың көмегімен баспанаға қол жеткізді
Фото: freepik.com

БҚО сотынан түскен мәліметке қарағанда, талапкердің 33 жылдық жұмыс өтілі бар дәрігер екендігі, оның өз баспанасының жоқтығы, 15 жыл бойы жалға алынған тұрғын үйде тұрғаны, жалдау мерзімі аяқталғаны анықталды.

«Бұған дейін Орал қаласы бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімімен талапкерге мемлекеттік тұрғын үй бөлу қорынан қызметтік пәтер бөлінген болатын. Алайда, осы уақытқа дейін комиссияның шешімі орындалған жоқ. Сот отырысы барысында тараптар татуласу туралы келісімді соттың бекітуіне ұсынды, оның шарттары бойынша Орал қаласының әкімдігі талапкерге 2024 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей бір бөлмелі немесе екі бөлмелі пәтер түрінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге міндеттенді. Айта кететін жайт, соттың келісімді бекіту туралы ұйғарымын орындамаған жағдайда сот жауапкерге 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды салуға құқылы», деп хабарлады ведомстводан.