Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Келесі жылдан өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төленеді

Келесі жылдан бастап өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төлене бастайды. Бұл туралы Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

Келесі жылдан өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемдері төленеді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа ерекше назар аударамыз. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықтың үлкен сеніміне ие.

Құтқару операцияларын жүргізудің ашықтығы бір жағынан халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруды насихаттайды. Әлеуметтік қолдауды жақсарту аясында төтенше жағдайлар қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін төлеу мәселесі шешілуде.

Төлемдер келесі жылдан бастап бірінші кезекте өрт сөндірушілерге және жекелеген санаттарға көзделген», - деді Шыңғыс Әрінов.