Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Түркиядағы терактіден зардап шеккен қазақстандықтар жоқ – СІМ

Кеше Түркия астанасы Анкара қаласында лаңкестік әрекет жасалды. Өкінішке қарай, құрбан болғандар мен жараланғандар бары айтылды. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы сұраған едік.

Түркиядағы терактіден зардап шеккен қазақстандықтар жоқ – СІМ
Фото: ҚР СІМ

«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.

Айта кетейік, кеше Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды.