Шымкент қаласында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат құрықталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Polisia.kz мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады. Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушыларымен халықаралық іздеу жарияланған. Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген, – делінген ақпаратта.
Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.