Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Астанада Республика күніне арналған отшашу болмайды

Астананың бес ауданында Республика күніне орай мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада Республика күніне арналған отшашу болмайды
фото: baq.kz

Мерекеге орай отшашу болмайтынын Астана әкімдігі нақтылады. Алайда тұрғындар мен қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.

Концерт 14:00-де басталып, 15-ға дейін жалғасады. Мерекелік іс-шара төменде көрсетілген орындарда өтеді.

 - Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы; - Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы; - Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі; - Нұра ауданы – орталық саябақ; - Сарыарқа ауданы – қалалық алаң. Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады.

Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.

Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді.

Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылады.