Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

19 жерінен пышақ салған: Түркістанда қылмыскер іздестіріліп жатыр

Бұрынғы әйеліндегі балаларын көруге келген түркістандық тұрғын жанжал шығарған. Салдарынан жұбайының туысын бірнеше жерден пышақтап, қашып кеткен.

19 жерінен пышақ салған: Түркістанда қылмыскер іздестіріліп жатыр
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Түркістан қаласының тұрғыны 19 жерінен пышақталып, ауруханаға түскен. Ал, күдіктіге іздеу жарияланды.

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің жеке басы анықтп, оны ұстау шаралары қабылдағанын жеткізді. 

«Полиция тұрмыстық жанжал негізінде болған «кісі өлтіруге оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұрынғы жұбайындағы балаларды көру үшін келген жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Осы кезде онымен әйелінің туысы арасында жанжал болып, ер адам пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды»-делінген ведомства ақпаратында.