Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодар облысында браконьерлер ұсталды

Павлодар облысының тәртіп сақшылары браконьерлерді анықтауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Павлодар облысында браконьерлер ұсталды
фото: polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін және браконьерлік фактілерді анықтау және жолын кесу мақсатында Павлодар облысы аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Рейд барысында МАЭС-2 маңындағы Шандысор көліндегі МАЭС-2 ПБ қызметкерлері балық аулау фактісін анықтады.

Балық аулау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін өрескел бұзғаны және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланғаны үшін 63 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік материал толтырылды.

Ол бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. 37 жастағы екібастұздық Басентин көлінде рұқсат құжаттарсыз балық аулаған. Осылайша, балық аулау ережелерінің талаптарын бұзды. Әкімшілік материал толтырылды. Ол бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Әкімшілік іс жүргізу материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Екібастұз қаласының әкімшілік сотына жолданды, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Талғат Шанкотов.

Жедел-профилактикалық іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады. Сақшылар аймақ қонақтары мен тұрғындарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға шақырады.