Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның «Киберпол» қызметкерлері жүргізген.

— Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді. Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған. Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталуда, — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.