Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ - полиция

Алматы облысы Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған күдікті қашып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департменті. Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген болатын.

Талғарда изолятордан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ - полиция
фото: Sputniknews

Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді.

"Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Күдікті қалай қашқанын, анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіледі. 

Жағдайды облыстық полиция департаментінің басшылығы тікелей бақылауға алған.