Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мектептерде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату міндетті сабақ болады

Өткен жылы 447 дене шынықтыру мұғалімі біліктілік арттыру курсынан өткен. Ал биыл 2 мыңнан астам педагогты қайта даярлау көзделіп отыр...

Мектептерде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату міндетті сабақ болады
фото: jasqazaq.kz

Қазақстанда орта мектептерде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату бойынша міндетті сабақ өткізу әдістемесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Бүгінде спорт секциялармен шамамен 1,4 млн бала немесе мектеп жасындағы балалардың жалпы санының (3,5 млн) 40 пайызы, оның ішінде 422 мыңнан бастам бала мектептен тыс ұйымдарда қамтылған. Бұқаралық спортты дамыту аясында спорт инфрақұрылымын, әсіресе, ауылдық жерлерде дамытуға баса назар аударылып отыр. Мәселен, 2023 жылға дейін шамамен 159 ауыл мектебін спорт залмен қамтамасыз ету жоспарланған", - деп жауап берді Мамин Мәжіліс депутаттарының сауалына.

Үкімет басшысының айтуынша, Білім және ғылым министрлігі дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмысын жолға қойған. Өткен жылы 447 дене шынықтыру мұғалімі біліктілік арттыру курсынан өткен. Ал биыл 2 мыңнан астам педагогты қайта даярлау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтарынан бастап сабақтан тыс спорт үйірмелерін өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақының 100 пайызы мөлшерінде үстемақы төлеу енгізілген еді. Үстемақы дене шынықтыру мұғалімдерін білім беру ұйымдарында секциялар ашуға ынталандыратын болады.

"Балалардың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне ұлттық спорт түрлерінен сабақ өткізу де оң әсерін тигізбек. Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атуды алдағы уақытта дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасына қосу және міндетті сабақ ретінде өтізу үшін әдістеме әзірлеп жатыр", - деді премьер-министр.