Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Батыс Қазақстанда волонтерлер форумы өтті

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен  «Волонтерлік кеңістік: даму мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының волонтерлер форумы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Батыс Қазақстанда волонтерлер форумы өтті
фото: облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін Батыс Қазақстан облысының аудандарынан келген делегаттар, сондай-ақ республикалық волонтерлердің фронт-офисі өкілдері қатысқан ірі облыстық іс-шаралардың біріне айналды.

2 кезеңнен тұратын форумның ресми бөлімінде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиев, «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Архат Исламғали, Батыс Қазақстан облысы волонтерлерінің облыстық фронт-офисінің жетекшісі, «БҚО жастары» волонтерлік ұйымының жетекшісі Аңсар Ибраев, «Орал жастары» волонтерлік ұйымының құрылтайшысы, Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев, «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының директоры Тасболат Серікқалиев сөз сөйлеп, форумның жұмысына сәттілік тіледі. 

Волонтерлер форумы – Қазақстанда волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған ірі іс-шара. Іс-шараның 2 кезеңі секциялық отырыстан өтіп, қатысушылар волонтерліктің өзекті мәселелерін талқылады. 

Атап өтсек, «Төтенше жағдайдағы волонтерлік» тақырыбындағы секциялық отырыста БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері азаматтық қорғау капитаны Нұржан Қуанов, «Тиімді команда құрудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы секциялық отырыста тәжірибелі волонтер, кәсіпкер “Dauletten” қайырымдылық қорының өкілі Мұса Кунеев, «Кәсіби даму: жеке брендты дамыту мүмкіндіктері» секциялық отырысында облыстық «Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы, медиатренер, кәсіпкер Әдемі Жарасова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Батыс Қазақстан облысы волонтерлер форумының қатысушылары волонтерлік әлеуетті арттыру адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, мемлекеттер мен жалпы әлемнің тұрақты және үйлесімді дамуына ықпал ететініне сенім білдіреді.