Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мамандарынан бүгінге, 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: depositphotos.com

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын -шашын, шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады деп болжанады.

Түнде және таңертең еліміздің басым бөлігінде тұман болады, батыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп күтіледі. Түнде Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағаны -1-7°С дейін төмендеп, үсік жүреді.