Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Оралда мектеп әкімшілігі 75 педагогті сотқа берген

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Серебряков орта мектебінің әкімшілігі мектептің 75 педагогінен артық төленген 42 млн теңге көлеміндегі жалақыны өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгінген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Оралда мектеп әкімшілігі 75 педагогті сотқа берген
Фото: Halyq Uni

Сотта анықталғандай, бұған дейін тергеу органы мектептің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қозғап, Орал қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған.

Қылмыстық іс аясында мектепке жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 2021-2022 жылдары 75 педагогке жалақы бойынша 42 млн теңге көлемінде артық төлемдер негізсіз аударылғаны, сөйтіп, қаржылық құқықбұзушылық анықталып, дебиторлық қарыз есептелген.

Алайда, сотта мектеп әкімшілігінің өкілдері педагогтердің қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер жасағанын, соның салдарынан оларға артық қаражат аударылғанын дәлелдейтін фактілерді ұсына алмаған. Осыған байланысты №2 Орал қалалық соты мектептің талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырды, – делінген сот хабарламасында. 

Сот жұмысқа немқұрайлы қарау немесе бухгалтерлік қателік болмаған жағдайда еңбек және азаматтық заңнамада көрсетілгендей, артық төленген соманы қайтаруға негіз жоқ екенін атап көрсетті. Апелляция мектеп өкілінің шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.