Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 20 млрд теңге салған

Жыл басынан бері 20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық іс тергелді, деп хабарлайды

Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 20 млрд теңге салған
Фото: Halyq Uni

ҚМА мәліметінше, 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелген. 

«Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді. Алматыда «HitBeatMusic» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15%-на дейін пайда әкелуге уәде еткен. Келтірілген залал көлемі – 255 млн теңге, – делінген ҚМА хабарламасында. 

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды. Биыл қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемелері бұғатталды. «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» желісінде 292 чат бұғатталған. Осылайша, 2 млн астам әлеуетті салымшылардың қаржылық шығындарының алдын алды. 

«Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері «Qnet», «World Business Consulting», «Finiko» «Antares»/«Antares Trade», «Sincere Systems Group»/«S-Group», «Hermes LTD», «Life is good», «Chia Tai Tianding»/«Chia Tai Pharmaceutical» «Energy Eolus Oazqstan»/«Eolus» сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.