Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елімізде көлік саны артты

Қазақстанда тіркелген автомобильдер саны 5 579,4 мыңға жетті, деп хабарлайды paryz.kz

Елімізде көлік саны артты
фото: Halyq Uni

2024 жылғы тамызда 141,5 мың автокөлік есепке қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1%-ға өскен.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 5 579,4 мыңды құрады, оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк көлігі мен 2,1% – автобустар, деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Шығарылған жылдары бойынша 3 жылдан аспайтын автомобильдер үлесі автопарктің 6,2% құрайды, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейінгі көлік үлесі – 13,1%, 7-ден 10 жылға дейін – 11,9%, 10 жылдан 20 жылға дейін – 23,8%, 20 жыл бұрын өндірілген автомобильдер үлесі – 44,8%.

Айта кетсек, екі жыл бұрын шығарылған жылы 20 жылдан асатын машиналар үлесі (2022 ж. 1 қыркүйекте) 50,8% болған, – деп қосты ведомство. Өңірлер бөлінісінде шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан автомобиль саны Алматы қаласы және Алматы облысында ең көп, тиісінше 206 мың әрі 361 мың, одан кейін Жамбыл – 190,5 мың, Қарағанды – 183,3 мың мен Шығыс Қазақстан облыстарында – 177,3 мың. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын көлік саны бойынша Алматы (55,3 мың), Астана (42 мың) қалалары және Алматы облысы (22,4 мың) алда.