Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды
фото: gov.kz

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен қала әкімінің орынбасары Сағындық Матан өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметтен босатылды, – деп мәлімдеді Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған қоса, сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбековке сөгіс жарияланды.

4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. Бірнеше күннен кейін олардың Азат ауылындағы үйін белгісіз біреулер өртеп жіберген еді. Бұл іс Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың ерекше бақылауында тұр.