Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Экономика 4 пайыз өссе айлық неге өскен жоқ – министр жауабы

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ел экономикасымен бірге қазақстандықтардың жалақысы неге өспей жатқанын айтты.

Экономика 4 пайыз өссе айлық неге өскен жоқ – министр жауабы
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«Қазақстан экономикасы кейінгі 3 ай бойы 4 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Неге қазақстандықтардың жалақысы өспейді?» - деп сұрады журналист. 

Министр экономика өсімі мен айлық өсімнің арасындағы алшақтық ел экономикасының құрылымына байланысты екенін айтады. 

«Бұл статистиканы біз де білеміз. Қазақстанда 150-300 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардың үлесі 35 пайызды, 300-600 мың теңгеге дейін алатындар 36 пайызды құрайды. Ары қарай азаяды. Бүгінгі таңда экономиканың құрылымының өзі сондай», - деді ол.