Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Үкімет 9 айда Ұлттық қордан 4 трлн теңге алған

Қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық қордан бюджетке қанша трансферт тартылғанын айтты.

Үкімет 9 айда Ұлттық қордан 4 трлн теңге алған
Фото: Kazinform

«Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша бюджетке 5,1 млрд теңге түсті. Әкімшілендіруді цифрландыру саласында қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде, 9 айдағы салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі қосымша түсімдер 794 млрд теңге болды. Республикалық бюджетке трансферт түсімдері 4,5 трлн теңге болды. Оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт ретінде 2 трлн теңге, нысаналы трансферт третінде 2 трлн теңге тартылды», -деді Мәди Такиев. 

Минисрдің айтуынша, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 115% орындалып, 5 трлн 894 млрд теңге болған.

«Кірістер бойынша барлық өңірлерде жоспар асыра орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда 127% өсіп, 1 трлн 242 млрд теңгеге жетті. Мұндай кірістердің өсуі, сыртқы факторларға тәуелсіз, тұрақты салықтарды жергілікті бюджеттерге бекітумен қамтамасыз етілді», - деді ведомство басшысы.