Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қандай жағдайда мұғалімдерді сенбілікке шығаруға болады – министр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагог мәртебесі мен құқықтарын қорғау шаралары туралы пікір білдірді.

Қандай жағдайда мұғалімдерді сенбілікке шығаруға болады – министр
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Министрдің айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда мұғалімдерді артық жұмысқа тарту бойынша көптеген кемшілік азайғаны байқалады.

«Былтыр сенбілікке шығару мәселесі туралы мұғалімдер көп шағымданды. Бұл мектеп ауласы болса, басқа әңгіме, өйткені балаларды еңбекке баулуымыз керек, оны мұғалімдер жеке өзі үлгі етіп көрсетуі керек. Байқасаңыздар мен де мектеп ауласына ағаш егемін, бұл өте үлгілі нәрсе. Бірақ мектептен тыс, мектепке қатысы жоқ жерлерге тарту – мұғалімді негізгі функциясынан алаңдатады. Мұғалімнің басты міндеті – балаларға сапалы білім мен саналы тәрибе беру, одан басқасына алаңдата берудің қажеті жоқ», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында.