Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстанда толық жұмыс күні істесе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтын адамдар бар екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Депутат жиында алаңдайтын мәселе бар екенін айтты. Әлеуметтанушылардың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер феномені белең алып бара жатыр.
«Ол дегеніміз толық жұмыс күні істесе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтын адамдар. Әсіресе, бұл мемлекеттік секторға қатысты. Олар – кітапханашылар, бухгалтерлер, техникалық қызметкерлер және тағы басқалар. Олар толық жұмыс күні істеп, алатын жалақысы бойынша кедейлік шегінде тұр, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов
Үкімет сағатында. Депутат бұл да өте қауіпті жағдай болып тұрғанын атап өтті.