Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ақтөбеде мектеп басшылары бюджет қаржысын бәс тігуге жұмсаған

Ақтөбеде мектеп басшылары бюджет қаржысын бәс тігуге жұмсаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбеде мектеп басшылары бюджет қаржысын бәс тігуге жұмсаған

Прокуратураның мәліметінше, өңірдегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары бюджетке түсуге тиіс болған қаржыны жымқырған.

Аталған қаражат спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметінен, әуесқой спорт командаларынан түскен.

«Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есе ұлғайтылған. Облыста республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Спорт мектептерінің басшылары 6 млн теңгеден астам бюджет қаржысын өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсаған», – делінген прокуратура хабарламасында. 

Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубы командасы үшін әуе қызметтерін көтерілген бағамен 165 млн теңгеге бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды. Барлық фактілер бойынша прокуратурамен ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген прокуратура хабаралмасында. 

Тексеру нәтижелері Ақтөбе облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға бұқаралық спортты қаржыландыру жағдайын түзету, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану тапсырылды.