Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді

Елімізде жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыратын қазақстандықтар 2 факторлы аутентификациядан өтеді, деп хабарлады Paryz.kz.

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру талабы күшейеді
Фото: Halyq Uni

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, екі факторлы аутентификация дегеніміз қолданушының 2 түрлі әдіспен өзін-өзі растауы:

SMS хабарлама;

Биометриялық сәйкестендіру арқылы.

Тестен өтпес бұрын жүргізуші куәлігіне үміткерге 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді.

SMS қолданушының электронды үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі, - деп жазылған хабарламада. 

Авторизация сәтті болса, қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Бүгіннен бастап жаңа бастама елордада енгізілді. Жыл соңына дейін бастама қалған өңірлерде де енгізіледі деп жоспарланып отыр.