9 қазанда сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондары рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқыс оқиғадан құрбан болғандар жоқ. Апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды, - деп мәлімдеді «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға себептерін тексеруге арнаулы комиссия да жіберілген.