Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Зайытов премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды
Фото: Halyq Uni

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» № 31 Заңының 1-бабына сәйкес феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасының аумағында шектеу қоюды және ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуды талап етеміз, - деген Зайытов. 

Депутат мұндай ұйымдардың өңірлерді аралап, кәмелетке толмағандар арасында насихат жұмыстарын ашық жүргізіп жатқанын айтады.

Алматының көшелерінде өрімдей жастарды жинап алып митинг өткізгенде де, мәжілістің 11 депутаты қол қойып, сауал жолдағанда да құқық қорғау органдары саусақ қозғалтқан жоқ, - дейді депутат.