Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Жемқорлық жайлы хабарлағандар 28,9 млн теңге сыйақы алған - Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров жемқорлық жайлы хабарлаған адамдарға қанша сыйақы берілгенін айтып берді,  деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жемқорлық жайлы хабарлағандар 28,9 млн теңге сыйақы алған - Антикор
Фото: Azattyq Ruhy

«Сыбайлас жемқорлық жасалғаны жайлы хабарлаған азаматқа 15 млн теңгеге дейін беріледі. Биыл жемқорлық жайлы хабарлаған 76 тұлғаға 28,9 млн теңге сыйақы берілген. 33 мемлекеттік қызметкерге грамота табысталған. Ең көп сыйақы алғандар Қарағанды облысында, Ақтөбе облысында және БҚО-да кездескен»,- дейді Бегайдаров.

Оның айтуынша, ақпаратты берген адамдардың мәліметтері құпия сақталады.

Мәселен, Антикор пара туралы хабарлағаны үшін Астана тұрғынына 4,4 млн теңге төлеген. Бұл оны квазимемлекеттік компанияға жұмысқа орналастыруға уәде берген соманың 10 пайызын құрайды.