Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда лауазымды ханымдардың бастамасымен әйелдер аллеясы ашылды

"Қазіргі заманда әйелдің рөлі ерлермен қатар маңызды..." - дейді Наталья Ливинская.

Алматыда лауазымды ханымдардың бастамасымен әйелдер аллеясы ашылды
фото: ашық дереккөз

Алматыда 8 наурыз қарсаңында әйелдер аллеясы ашылып, онда 200 көшет отырғызылды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл шараға қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская, Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Кокобаева, Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова және қоғам қайраткерлері қатысты.

"Қазіргі заманда әйелдің рөлі ерлермен қатар маңызды. Қазір нәзік жандылар саясат, экономика, медицина мен басқа да салаларда жұмыс істейді. Осы аллеяны біз "Әйелдер аллеясы" деп атаймыз. Ол – ақыл-парасаттың символы", - дейді Наталья Ливинская.

Аллея Жетісу ауданындағы Көкжиек шағын ауданында орналасқан. Онда 4500 көшет отырғызылмақ. Басқарма өкілдері гүлдерді отырғызып қана емес, оны күтіп, баптауды қолға алғалы отыр.

Биыл қалада 350 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Барлығы 3 жылда 1 млн көшет отырғызылатын көрінеді.