Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қызылордадағы мектепте төтенше жағдай: 20-дан астам оқушы ауруханаға жеткізілді

Қызылордадағы мектепте оқушы бұрыш спрейін шашып, 20-дан астам оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қызылордадағы мектепте төтенше жағдай: 20-дан астам оқушы ауруханаға жеткізілді
Фото: Риа Новости

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Оқиға 3 қазан күні қаладағы мектептердің бірінде болған.

"Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында. 

Оқиға орын алған №9 мектептің зардап шеккен оқушыларының айтуынша, оқиға шамамен сағат 17:00-де болған. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы 7 мен 12 жас аралығындағы 20-дан астам бала түскенін мәлімдеді. Олардың барлығы іш ауруына, жүрек айнуына, тамақ ауруы мен ауыздағы жағымсыз иіске шағымданған. Полиция бұл факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілетінін атап өтті.