Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Референдумға байланысты полиция күшейтілген режимге көшті

Референдумға байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды paryz.kz.

Референдумға байланысты полиция күшейтілген режимге көшті
Фото: Halyq Uni

ІІМ мәліметінше, бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауысты.

Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет етеді. Сондай-ақ, олар дауыс беру құжаттамасын жеткізуге атсалысады, – деп қосты ведомство. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде болады.