Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Таяу Шығыстағы қақтығыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар тіркелмеген. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Таяу Шығыстағы қақтығыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ
Фото: Kazinform

Сондай-ақ СІМ Таяу Шығыстағы жағдайдың шиелінісуіне байланысты үндеу жасады. Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырады.

 Сондай-ақ министрлік Израиль, Иран және Ливандағы қазақстандықтардың көмексіз қалмайтынын жеткізді. Консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі өзгеріп отырады. Қазір Израильде консулдық есепте 122 қазақстандық, Иранда – 102 адам, Ливанда 139 азамат бар, оның ішінде дипломанттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азамат консулдық есепте тұрмайтынына назар аударғымыз келеді. Осыған байлатысты байланыс орнату, Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақыт алады, – деді Смадияров.