Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қортындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

Қор нарығында доллар қымбаттады
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,88 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 483,23 теңге. Ұлттық банктің 2 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 480,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,14 теңге. Еуро – 532,25.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484,1 теңге. Еуро 535,5 — 537,5 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 480 теңге, сатып алу құны – 485 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады. Ресей рублі 5,05 – 5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.