Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Қарттар күніне орай зейнеткерлерге бір реттік төлем беріледі

Қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне 2,5 АЕК (9 230 теңге) көлемінде бір реттік ақшалай төлем беріледі, – деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қарттар күніне орай зейнеткерлерге бір реттік төлем беріледі
Фото: istockphoto.com

Бұл төлемді шамамен 107 мың елордалық алады, оған жалпы 989,2 миллион теңге бөлінген.

Қала әкімдігі хабарлағандай, бұл көмек мемлекет тарапынан жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, мүгедектігі бар, көпбалалы, сондай-ақ заңнамада көрсетілген басқа негіздер бойынша мемлекеттен төлем алмаған зейнеткерлерге беріледі. 

Төлем екі кезеңде жүзеге асады: бірінші бөлігі қыркүйектің соңында, ал қалғаны қазан айының басында аударылады.