Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге талап еткен

Кеше Нүкеновтердің Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өндіргені белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге талап еткен
фото: Azattyq Ruhy

Сот шешімі бойынша Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Амангелдінің отбасына 6 877 682 теңге материалдық шығын, 10 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. Бірақ Айтбек Амангелді әлдеқайда көп сома сұраған.

«Талапкер өзінің және ата-анасының қайғылы жағдайды қиын өткергенін, денсаулығы нашарлап, еңбек қабілетін жоғалтқанын көрсеткен. Ата-анасының еңсесі түсіп кеткен, ашу мен ұйқысыздыққа бой алдырып, эмоционалды күйзеліске түскен. Денсаулықтарын тұрақты түрде бақылап отыру қажет. Талапкер қылмыстық іс аясында адвокаттардың жүріп-тұруы, ұшуы, т.б. заңгерлік қызметтерге шығындалған. 8 828 070 теңге материалдық шығын, 1 500 000 000 теңге моральдық шығын өндіруді сұрайды», - делінген сот құжатында. 

Сот шешімімен экс-министр жәбірленуші тарапқа 4 750 000 теңге заңгерлік қызметтер шығынын, 312 338 теңге адвокаттардың тұруына кеткен шығын, 1 583 924 теңге ұшуға кеткен шығын, 231 410 теңге типография шығындарын төлеуі керек. Одан бөлек мемлекет кірісіне 70 623 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.