"Шеттен әкелген асыл тұқымды малдардан қауіпті аурулар тарауда" - Күрішбаев

Еліміз мемлекеттік субсидияны қоса алғанда, шетелден сиыр сатып алуға жарты миллиард доллардан астам қаражат жұмсаған.

"Шеттен әкелген асыл тұқымды малдардан қауіпті аурулар тарауда" - Күрішбаев
фото: 24.kz

Қазақстанға асыл тұқымды малмен бірге қауіпті аурулар келді. Бұл туралы Cенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Сенатор өлген мал туралы ешкім хабарламағанына наразы. Ол еліміздің мемлекеттік субсидияны қоса алғанда, шетелден сиыр сатып алуға жарты миллиард доллардан астам қаражат жұмсағанын еске салды.

"Біздің қоғам осы импорттық малдың қаншасы өлгенін және жалпы жобада қойылған міндеттердің қаншалықты орындалғанын әлі күнге дейін білмейді. Дегенмен білуге құқылы. Ол тек жеке инвестициялар есебінен ғана емес, салық төлеушілердің ақшасымен де іске асырылған", - деді Ақылбек Күрішбаев.