Алматыда 35 киловольт электр желісі зақымданып, тұтас аудан жарықсыз қалды

Осылайша, Қарасай батыр - Байтұрсынов - Жандосов - Тимирязев - Жароков көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға электр энергиясы тоқтатылды...

Алматыда 35 киловольт электр желісі зақымданып, тұтас аудан жарықсыз қалды
фото: ашық дереккөз

Алматыда электр тарату желісі зақымданып, тұтас аудан жарықсыз қалды, деп хабарлады paryz.kz.

Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлағандай, Алматы аудандарының бірінде кернеуі 35 киловольт болатын электр тарату желісі зақымданған.

"Алатау жарық компаниясы" таратқан мәліметке сәйкес, 35 кВ желісінің зақымдануы жоғары жиілікті желіде электр тогының келуін төмендетті. Соның салдарынан ПС-4 шағын стансасында жарық беру тоқтатылды. Осылайша, Қарасай батыр - Байтұрсынов - Жандосов - Тимирязев - Жароков көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға электр энергиясы тоқтатылды", - деп мәлімдеді басқармадан.