Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді

Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.

Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді
Фото: Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті

«26-27 қыркүйек күндері нөсер жаңбыр жауып, таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарды тауға шықпауға шақырамыз», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сондай-ақ 112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауға кеңес берілді.