Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанға көктем кеш келеді

Себебі таяу күндері Қазақстан аумағында Солтүстік Атлантика циклонының әсері сезіледі.

Қазақстанға көктем кеш келеді
фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК өкілдері 6-8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады paryz.kz.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, биыл көктем кеш келеді. Себебі таяу күндері Қазақстан аумағында Солтүстік Атлантика циклонының әсері сезіледі. Салдарынан суық және жылы ауа массалары бір-біріне тез ауысып, температура мен атмосфералық қысымның күрт ауытқуына және тұрақсыз ауа райының сақталуына әсер етеді.

Сонымен қатар осы кезеңде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жиі түсіп, тұман, көктайғақ, боран болып, қатты жел тұруы ықтимал.