Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Клиенттер де тексеріледі»: Қызылордада 13 адам оқушы қызды құлдықта ұстаған деген күдікке ілінді

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке салып, қинаған деп күдікке ілінген 11 адам қамауда отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Клиенттер де тексеріледі»: Қызылордада 13 адам оқушы қызды құлдықта ұстаған деген күдікке ілінді
фото: видеодан скриншот

«Бүгінде бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, 13 адам күдікті ретінде ұсталып, 11 адам қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр», - деді ол.

Лепеха жәбір көрген қызды сатып алғандар да тексерілетінін растады. Айта кетсек, Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары 8 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, құлдықта ұстаған.

Олар қызды ұрып-соғып, азаптап, бопсалап, қорқытқан. Қыздың тәнін саудалай отырып айына кемінде екі-үш миллион теңге табыс тапқан.