Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Тергеуден 12 жыл бойы жасырынған алаяқ әйел ұсталды

Тергеуден 12 жыл бойы жасырынып жүрген алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тергеуден 12 жыл бойы жасырынған алаяқ әйел ұсталды
фото: paryz.kz

Прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы 17 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықпен байланысты 13 оқиғаға қатысы бар әйелді қолға түсірген.

2012 жылы маусымда күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету желеуімен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде жәбірленушілердің ақшасын заңсыз иемденген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір күдікті әйел тергеу изоляторына қамалды. Жасалған қылмысы үшін оған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.