Ақтөбеде полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатумен айналысқан 32 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды paryz.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ер адам өзінің сауда қызметін Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы жүзеге асырған.
«Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда тәртіп сақшылары 400-ден астам бірреттік темекі, 300-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған картриджді тауып, тәркіледі», - делінген хабарламада.
Шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.