"Киелі жерді мазалап қойған жоқпыз ба?": Түркістанда ірі жыландар пайда болды (ВИДЕО)

"Тарихшы, теологтар, дін өкілдері не дейді?" - деді заңгер.

"Киелі жерді мазалап қойған жоқпыз ба?": Түркістанда ірі жыландар пайда болды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасына Түркістандағы құрылыс алаңын қазып жатқан жерден елімізде сирек кездесетін ірі жыландар шыққанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Хан, әулие, билер жатқан киелі жерді мазалап қойған жоқпыз ба? Алтын жақұттарды қорғайтын жыландар киелі жерден шыға бастапты... Тарихшы, теологтар, дін өкілдері не дейді?" - деді заңгер.

Сондай-ақ ол жазбасына осы сұраққа жауап беруі тиіс мамандар - Досай Кенжетай, Қайрат Жолдыбай және Икрам Айтайды тегтеген. Ал жергілікті өлкетанушы Ғани Назарбектің айтуынша, бұл жыландар "түрлі-түсті жылан" (разноцветный полоз) деп аталады екен.