Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Сәт Тоқпақбаев 1993-1995 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған, 1999-2001 жылдары қорғаныс министрі, 2007-2016 жылдары мәжіліс депутаты болған. Тоқпақбаев 17 қыркүйек күні 85 жасқа толады.