Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин ұсталды. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Ол құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдік бойынша ұсталған. Тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізеді, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың 5 орынбасары бар. Оның ішінде Константин Воронкин техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары болған.