Алматыда әуежайдан шаһарға жеткізгені үшін үндістандық саяхатшыдан 77 мың талап еткен такси жүргізуші 15 күнге қамалды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті хабарлады.
Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті хабарлады. Үндістандық блогер Комал Махешвари өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда болған жайсыз жағдайға шағымданған болатын.
Оның айтуынша, такси жүргізушісі қалаға 1 мың теңгеге жеткізуге келісіп, кейін сорақы түрде 77 мың теңге талап еткен. Бірақ Үндістаннан келген саяхатшы бұл ақшаны беруге келіспей, 30 мың теңге төлеген.