Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Биыл ММА-дан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды

Ересектер арасындағы жарыспен қатар, Қазақстанда 18-20 жас арасындағылардың әлем чемпионаты да өтеді.

Биыл ММА-дан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды
фото: holanews.kz

ММА-дан 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Бұл туралы Ресейдің ММА Одағының президенті Радмир Габдуллин мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Ересектер арасындағы жарыспен қатар, Қазақстанда 18-20 жас арасындағылардың әлем чемпионаты да өтеді.

"Наурыздың басында ұлттық құраманы қалыптастыратын Ресей чемпионатына федералдық округтер бойынша іріктеу кезеңі басталады. Биыл округтердегі кейбір чемпионаттарда әйелдер құрамасына іріктеу де басталатыны өте маңызды", - деді Габдуллин.

Айта кетсек, жақында Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 29 жарысы аяқталып, қазақстандық файтер Серік Разгалиев кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Оның қарсыласы Қырғызстан спортшысы Манас Темірбеков болды.