2-ші қыркүйекте Алматының тауларында қар жауып, қалада ауа температурасы төмендеді.
Бүгін таңертең мегаполисте өткінші жаңбыр жауып, таулы аймақтарға қар түсті.
Әлеуметтік желіде жауған қардың суреті тарап жатыр. Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында да қар жауды. Шаңғы трассалары мен кабельді лифттерді онлайн режимінде трансляциялайтын веб-камералар курорттық аймаққа жауып жатқан қарды көрсетті.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 26-сі күнгі күн райы болжамын жариялаған еді. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді.